Авиация персоналына куәлiктер беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Авиация персоналына куәлiктер беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Авиациялық персоналға куәлік алу үшін:

  1. ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін Қағиданың 16-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
  2. әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігін алу үшін Қағиданың 20-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
  3. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алу үшін Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
  4. ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін алу үшін Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

Авиациялық персоналға куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту үшін:

  1. ұшу экипажы мүшелері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
  2. әуе қозғалысының диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
  3. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Қағиданың 23-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
  4. ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері, авиациялық станция операторы куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

Авиациялық персоналға Куәлікке біліктілік және арнайы белгілер енгізу үшін:

  1. ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін Қағиданың 41-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
  2. әуе қозғалысы диспетчерінің, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін Қағиданың 47-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
  3. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне "Ratings" бағанына енгізу үшін":
  4. "В1" немесе "В2" санаттары бойынша Қағиданың 50-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
  5. "С" санаты бойынша Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Авиация персоналына куәлік беру (не куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту); жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайларда куәлікті және/немесе оған қосымша парақты қалпына келтіру; біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту; немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.