Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
Қызмет құны

Машинаға техникалық паспортты беру үшін – 0,5 АЕК

Тіркеу (қайта тіркеу) үшін  – 0,25 АЕК

Машинаға мемлекеттік тіркеу нөмірін беру үшін  – 1 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

15 күнтізбелік күн

Қызметтің толық атауы
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Мемлекеттік органда қызметті алу  (қажетті құжаттар)

  1. 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш.
  2. Жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және түпнұсқасы.
  3. Заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері.
  4. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар төленгені туралы құжат.

Мынадай жағдайларды қоспағанда, машина:

  • кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса).
  • машиналарды тіркеу пунктіне байқауға алып келуге кедергi болатын объективті жағдайлар болса (бұзылып қалу, габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермесе), машинаның тұрған жерi бойынша инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық байқау актісін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.
  1. Шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру) түпнұсқасы немесе көшірмесі, соттың шешiмi немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе мәміленің қарапайым нысаны, ал шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәміле жағдайында – мәміленің қарапайым нысаны.

  2. Машина және нөмір белгісін тіркеу құжаты үшін мемлекеттік баж алымдарды төлеуді растайтын құжат.

  3. Мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының қөшермесі (кедендік декларация).

Қызмет көрсету нәтижесі

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (телнұсқасын) беру