Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 минут ішінде көрсетіледі

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

Көрсетілген мерзімге жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Мемлекеттік қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін.

Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы "жеке кабинетінен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының порталда тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.

Көп пәтерлі тұрғын үйге (бұдан әрі - КПТҮ) кондоминиум объектісін тіркеу туралы ақпарат беру үшін осы КПТҮ меншік иесі «Жылжымайтын мүлік түрі» - «Бастапқы объект» кіші түрін және үйдің өзінің мекенжайын таңдап, осы қызметке тапсырыс беру арқылы ақпарат ала алады.

Көрсетілген мерзімге жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы сурдоаудармасы бар бейнероликті қараңыз

div class="media_embed" height="315px" width="560px">

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама.