Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес айқындалады.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
1) Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңа құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу - 1 жұмыс күні.
Жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, жүргізілген техникалық тексеру қорытындысы бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру:
1) пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер 3 жұмыс күнi берiледi;
2) жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары 5 жұмыс күнi берiледi;
3) жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері 7 жұмыс күнінде беріледі;
4) жалпы алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектілер көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап 10 жұмыс күні берiледi;
5) бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілері 5 жұмыс күні беріледі.
Мерзімді одан әрі ұзарту көрсетілетін қызметті алушымен келісім бойынша объектінің күрделілік санатына байланысты жүргізіледі, бұл ретте жалпы мерзім көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу.
-
«Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» түймесін басу арқылы төлем жасаңыз.
Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен және ескертумен көрсетілген уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы»КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға үшін;
- жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша.
Пәтерді, жатақханалардағы бөлмелерді және жапсарлас үй-жайларды техникалық тексеруге өтініш білдірген жағдайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылмайды.
Қызмет көрсету нәтижесі
1. Мемлекеттік корпорацияда - құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу туралы белгісі бар жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға қабылдау акті. Техникалық паспортты қоса бере отырып, жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
2. Порталда - көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне алу орны мен күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама жіберіледі. Пәтерге, жатақханалардағы бөлмеге, жеке гараждарға және саяжай құрылыстарына электрондық техникалық паспорт. Жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды ресімделеді. Бұл ретте жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, жүргізілген техникалық тексеру қорытындылары бойынша жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды) көрсетілетін қызметті беруші жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қоса бере отырып, қорытынды бергені үшін қосымша төлемді растайтын құжатты береді, ал заңды тұлғалармен қызмет көрсету шартын жасасу кезінде оларға қол қойған орындалған жұмыстар акті қосымша ұсынылады.