Дінтану сараптамасын жүргізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

22 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Дінтану сараптамасын жүргізу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (Қажетті құжаттар):

Жеке және заңды тұлғалар үшін:

  1. Өтініш.
  2. Жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi.
  3. Сараптама объектісінің Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың көшірмесі не миссионерлерді немесе діни бірлестікті тіркеу үшін берілген өтініштің көшірмесі не Қазақстан Республикасының аумағына әкелінгенін растайтын діни бірлестік басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның атынан жазылған құжаттың көшірмесі.
  4. Сараптама объектілері. Ұсынылған материал шет тілінде болған жағдайда, оның мемлекеттік не орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған теңтүпнұсқалы аудармасы беріледі. Объект жинақталған, ақаусыз және зақымдалмаған күйде ұсынылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Сараптама қорытындысы туралы хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.