Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыруды ескере отырып олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны
Қызмет көрсету мерзімі

Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін), сондай-ақ шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса беріле отырып, өтініш берілген күннен кейінгі - 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Саяси партияларды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру, сондай-ақ жарғыны (ережесін) қайтару қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен бастап - 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса берілген өтініш берілген күннен бастап 1 айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ шетелдік тұлғалар қатысатын коммерциялық заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі - 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, оның мемлекеттік тіркеуді, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейін көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жері бойынша 5 жұмыс күннен кешіктірмей, көрсетілетін қызмет берушінің орналасқан жерінен тыс 10 жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Порталда – акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген сәттен бастап 1 сағат ішінде көрсетіледі.

Қызметтің толық атауы
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Өтініш беруші, басшы, құрылтайшының ҚР ҚМ Салық комитетінің ИСАЖ базасында ЖСН болуын осы сілтеме бойынша тексеру: http://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search. Жоқ болған жағдайда мәліметтер базасына енгізу үшін салық органына жүгіну керек.
  2. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  3. Заңды тұлғаны тіркеу түрін таңдау. 
  4. Таңдалған түріне байланысты өтінімді толтыру. Өтінімде мекенжай мәліметтерін, атауын, құрылтайшылар туралы мәліметтерді көрсету.
  • Шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаны тіркеген жағдайда «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 Заңының 6, 6-1-баптарына сәйкес  қосымша ұсынылуы тиіс:
    - қазақ тіліне және орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармамен шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатын құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға екенін куәландыратын басқа құжат немесе сауда тізілімінен  заңдастырылған көшірме;
    - қазақ және орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармамен шетелдік құрылтайшының тұлғасын куәландыратын паспорт немесе басқа құжаттың көшірмесі.
  • Құжаттарды бір файлда pdf форматында сканерлеу керек. Бірнеше шетелдік қатысқан жағдайда әрбір құрылтайшының көшірмесі қоса беріледі.
  • Регламентті уақытқа сәйкес өңдеу аяқталғанға дейін, ұқсас (бірдей) атауы бар және басқа орнату деректері бар заңды тұлғаны қос тіркеуді болдырмау мақсатында тіркеу туралы өтінішті қайта беруге ұсынылмайды.
  1. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  2. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

 

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін

Филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу үшін

Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу туралы анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді бұйрық.

Порталда – "жеке кабинетіне" шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.