Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Қызмет құны

Әке болуды анықтау - тегін

Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілуіне байланысты - 0,5 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Егер туу туралы акт жазбасы өтініш берген жерде болса - 1 жұмыс күн

Егер туу туралы акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында басқа тіркеуші органда болса - 30 күнтізбелік күн

азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 жұмыс күн

Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде - 30 күнтізбелік күн

Қызметтің толық атауы
Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қызметті Мемлекеттік органда  алу жолы (қажетті құжаттар):

Ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Баланың туу туралы куәлігін, мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді.
  3. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген, баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:

Сот шешімі негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін:

Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін:

 

Қызмет көрсету нәтижесі

 Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбаға өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен қоса әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік  немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.