Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалатын шығындарды өтеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 11 жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға және КҚКО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 13 жұмыс күні;

Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде өтінімді және құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну көрсету мерзіміне кірмейді.

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Авторизациядан өту және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту (қызметтерді алу үшін сізде sez.qazindustry.gov.kz сайтында тіркеуіңіз болуы қажет).
  2. sez.qazindustry.gov.kz сайтындағы қажетті деректерді толтырыңыз және сұратымға ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қойыңыз. «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ порталындағы жеке кабинетте өтінішті қарау мәртебесін қадағалаңыз.

Қызметті «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (бұдан бұрын «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ немесе Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ алуға (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, КҚКО-ға, Мемлекеттік Корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде) не порталға жүгінген кезде мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қағидалар бойынша көрсетілетін қызметті алуға өтінім;
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес қағидалар бойынша орындаушының көрсеткен қызметтерінің (жұмыстарды орындауының) қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебін;
  3. Қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың (шарттардың) көшірмелерін, оларды өтеу үшін өтінішке қосылған төлеуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ (болған кезде) барлық қосымшаларды және/немесе толықтыруларды, осындай шартқа жасалған келісімдерді;
  4. Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтер (орындаған жұмыстар) актісінің (актілерінің) көшірмесін;
  5. Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған шот-фактуралардың көшірмелерін;
  6. Өтелетін шығындар бойынша орындаушы көрсеткен қызметтердің (орындаған жұмыстардың) жалпы сомасына жасалған төлем-құжаттарының көшірмелерін;
  7. Жабдықтың шеф-монтажы жөніндегі шығындар бойынша:
  • жабдықты жеткізу шарттарының және дайындаушы-кәсіпорынды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Мемлекеттік қызмет құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдар болып табылатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінен, сондай-ақ меншік нысаны жекеменшік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдардан басқа, экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңделген отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және/немесе сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және/немесе заңды тұлғаларға - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлімінің 5) тармақшада көрсетілген құжаттардың орнына мұндай заңды тұлғаның қызмет көрсету және/немесе тіркелу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады.

Орындаушының қызмет көрсету қорытындылары бойынша өтініш берушінің есебі келтірілген шығындармен байланысты жобаның іске асырылу қажеттілігі, көрсетілетін қызметтерді орындау негіздері (шарттың деректемелері, орындаушының атауы), жасалған шарт шеңберінде көрсетілген қызметтер, сондай-ақ құралды іске асырудан қолжеткізілген (күтілетін) әсер туралы ақпаратты қамтиды.

Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, ақпараттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Құжаттың көшірмесі шет тілінде ұсынылған жағдайда, өтініш беруші оның мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді.

Қызмет көрсету нәтижесі

Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қою немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну көрсетуден бас тарту туралы өтініш берушіні хабардар ету