Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтерді тапсырған сәттен бастап - 2 жұмыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігіне құжаттарды қабылдау және қарау

Қызметті Мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Еркін нысандағы өтініш.
  2. Жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
  3. Пациенттің сырқатнамасынан үзінді көшірме (жарамдылық мерзімі кемінде 30 жұмыс күні).

Қызмет көрсету нәтижесі

Пациентті бюджет қаражаты есебінен шет елге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.