«2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» шеңберінде шағын қалаларда және ауылда шағын кредит беру» бағдарламасы бойынша өтінім беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке кәсіпкерлер
Шаруа қожалықтары
Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері
Фермерлік шаруашылықтар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Құжаттарды ұсынған сәттен бастап 30 жұмыс күннен аспайды

Қызметтің толық атауы
«2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» шеңберінде шағын қалаларда және ауылда шағын кредит беру» бағдарламасы бойынша өтінім беру
Қосымша

НҚА: Банк заңнамасы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің НҚА; АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қызметті онлайн алу үшін

  1. Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін https://credit.kazagro.kz/kz/ сайтында тіркелген болуыңыз тиіс).

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар үшін:

  1. Үлгіге сәйкес қарыз алуға/қаржыландыруға өтініш.
  2. Үлгіге сәйкес клиенттің сауалнама-өтініші.
  3. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт).
  4. Кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға үлгі бойынша кредиттік есепті беруге келісімі.
  5. Қарыз берудің бизнес-жоспары.
  6. Куәландырылған техникалық-экономикалық негіздемесжеке кәсіпкердің кредит алу.
  7. Мүлікті кепілге беру туралы шешіміқаржы ұйымдарынан несие берешегінің болуы туралы анықтама.
  8. Жалақыны және/немесе өзге де кірістерді растайтын құжат.
  9. Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
  10. Сертификат «Атамекен».

Мәлімет үшін: бұл тізбе жобаны талдау үшін құжаттардың ең аз тізімін білдіреді. Көрсетілген құжаттарды қарау барысында толық талдау үшін қосымша қажетті құжаттар мен анықтамалар сұратылуы мүмкін.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қарыз беруге арналған өтінімді қарау туралы хабарлама.