Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Кодекске сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.

Қызмет көрсету мерзімі

1 Ай;

Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша дәлелді себептердің болуы кезінде бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) белгілейді не оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;

Ерекше мән-жайлар болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі

Қызметтің толық атауы
Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Неке жасына жеткен адамдар:

  1. Некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш.
  2. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар (салыстыру үшін).
  3. Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады.
  4. Некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) құқықтық қабілеттілігі туралы уәкілетті органдар берген анықтамалар.
  5. Бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін).
  6. Консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.
  7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, құжаттар, баланың туу туралы куәлігінің басқа да ерекше жағдайларды растайтын көшірмесі қосымша ұсынылады.

Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:

  1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш.
  2. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының (олардың) және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар).
  3. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі).
  4. Кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмаған ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмаған ата-анасының (олардың) және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекетінің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немес орыс тіліне аударылуға жатады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.