Қайтыс болу туралы куәлік қайта алуға өтінім беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 жұмыс күні.

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар қайта алу – 3 жұмыс күні.

АХАЖ АЖ-да акті жазбасы болмаған жағдайда қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыға күнтізбелік 3 күн ішінде хабарлай отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Порталда – өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі.

Қызметтің толық атауы
Қайтыс болу туралы куәлік қайта алуға өтінім беру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторланудан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет.
  2. Міндетті толтырылатын жолдарды толтырып, файылды қоса беру қажет.
  3.  ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қою қажет (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1.  Туу туралы, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы  куәлікті (анықтама) қайта алуға өтініш беру.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі.
  4. Көрсетілетін қызметті алуға  өкілі жүгінген жағдайда өкілді нотариалды куәландырылған сенімхат.

Қайтыс болу туралы  куәлікті (анықтама) қайта алуға өтініш берілген жағдайда қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

Туу туралы, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру, қайтыс болу туралы және некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтамаларды Қағидаларға 34-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша  кез келген тіркеуші орган АХАЖ АЖ мәліметтерінің негізінде көрсетілетін қызметті алушының алуы қажет құжаттың түрін, құжатын негізге ала отырып береді.

Қайтыс болу туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы  куәліктерді қайта алу   тиісті акт жазбасы жасалған тұлғаларға, сондай-ақ осы тұлғаның (сенім білдірушінің) атынан уәкілеттік берілген тұлғаға (сенім білдірілген адамға) жазбаша  өкілдік ету негізінде (нотариатта куәландырылған сенімхат) беріледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе анықтамаларды қайта алу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз нұсқада, электрондық түрде, портал арқылы өтініш беру кезінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту жолданады.