Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия алу - 6 АЕК;

Лицензияны қайта ресімдеу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %;

Лицензияның телнұсқасын алу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды;

 

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия беру үшін – 15 жұмыс күні;

Лицензияны қайта рәсімдеу үшін - 3 жұмыс күні;

Лицензияның төлнұсқасын беру үшін - 2 жұмыс күні;

Қызметтің толық атауы
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия алу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Лицензияны беру үшін:

  1. Белгіленген нысандағы жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші.
  2. Белгіленген нысандағы заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші.
  3. Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы (сәйкестендіру үшін).
  4. Жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
  5. Дара кәсіпкер ретінде көрсетілетін қызметті алушы қызметінің басталғаны туралы хабарлама.
  6. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
  7. Меншік құқығында тиісті үй-жайлардың бар екенін немесе жалдау шарты құқығында тиісті үй-жайлардың бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.
  8. Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны.
  9. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған мәліметтер нысаны.

Лицензияны қайта рәсімдеу үшін:

Лицензияны телнұсқасын беру үшін:

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия немесе лицензияға қосымша беру, лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, лицензияның немесе лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап