Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
Лицензияны беру және қайта ресімдеу – 10 АЕК;
Лицензия қайта ресімдеу - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні;
жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу кезінде - 3 жұмыс күні.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
- «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
- Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы – "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру және қайта ресімдеу, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.