ҚР ҰКО тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының порталы арқылы
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін биометриялық сәйкестендіру жүйесі арқылы қашықтықтан электрондық цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігі іске қосылды.

Қызметті онлайн алу

  • Өзімен бірге қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжат) немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;
  • Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар ұялы телефоныңыз болуы тиіс;
  • Сіздің телефон нөміріңіз Қазақстан Республикасының мобильді азаматтары базасында тіркелуі тиіс;
  • Сіздің жеке компьютеріңізде веб-камера болуы керек;
  • ЭЦҚ-ны одан әрі Орнату және пайдалану үшін қажетті NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату.

ЭЦҚ алу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша қашықтықтан өтіңіз.

 

ХҚО арқылы ЭСҚ қабылдау

Қызмет көрсету нысаны:

  1. Мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда тіркеу куәліктері ақпаратты электрондық тасығышы (чип) бар жеке куәлікке (жеке тұлғалар үшін) және (немесе) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары бар sim-картаға жазылады.

Онлайн өтінім беру тәртібі төмендегі үш қадамнан тұрады (1-қадам - Нұсқауларды оқып, бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, 2-қадам - Онлайн-өтінімді беру, 3-қадам - Интернет-өтінімді растау және тіркеу куәлігін алу).

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Тіркеу куәліктерін беру үшін

Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу үшін

Көрсетілетін қызметті алушының өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша мүдделерін білдірген жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері сенімхатты тексереді, сенімхаттың көшірмесін алады және негізгі құжаттар пакетіне қоса береді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушының өкіліне ұйымның мөрімен куәландырылған сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері сенімхатты тексереді және құжаттардың негізгі пакетіне қоса береді.

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Электрондық құжат нысанындағы тіркеу куәліктерін беру.

2) Кері қайтарылған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірлерін орналастырумен тіркеу куәліктерін кері қайтару.

3) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.