«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

30 минут

Қызметтің толық атауы
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызмет көрсету нәтижесі

"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.