Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың ЖАО
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. өтініш;
  2. мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  3. некеде тұрған жағдайда, жоқ жұбайының (зайыбының) атынан нотариалды расталған келісімі;
  4. "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі;
  5. АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімі  немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.