Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

 5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

 

  1. Балаларды есепке қою туралы өтiнiштің толтырылған екі данасы;
  2. Балаларды есепке қою жеке карточкасының толтырылған екі данасы;
  3. Ішкi iстер органдарының шетелде тұрақты тұруға шығу туралы рұқсат жазбасы бар, шетелдіктердің асырауына берілген балаға - Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі - бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;
  4. Баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеруі үшін);
  5. Баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
  6. Баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеруі үшін);
  7. Шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы, сотпен куәландырған, сот шешімі (салыстырып-тексеруі үшін).

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу (паспортқа қосымша бет) немесе дәлелді бас тарту.