Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Барлық міндетті өрістерді толтыру және файлдарды бекіту.
  3. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Бастапқы өтініш беруі кезінде:

  1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш.
  2. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
  3. Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар паспорт (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
  4. Таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығын растайтын шетелдікті медициналық куәландыру туралы анықтама (075/у нысанындағы медициналық анықтама).
  5. Дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өткені туралы анықтама – осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді).
  6. Медициналық сақтандыру (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
  7. "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру" проактивті мемлекеттік қызмет көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсатты ұзарту үшін:

  1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш.
  2. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
  3. Еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсат.
  4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
  5. Медициналық сақтандыру (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).

Қызмет көрсету нәтижесі

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.