Жылжымайтын мүліктің жойылуына (зақымдалуына) байланысты және құқықтың өтуіне байланысты емес өзге жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтардың тоқтатылуын тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы

Жабу Көрсету Қызмет паспорты

Төлемнің атауы

Жылжымайтын мүліктің жойылуына (зақымдалуына) байланысты және құқықтың өтуіне байланысты емес өзге жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтардың тоқтатылуын тіркеу үшін мемлекеттік баж салығы


Төлем көлемі

601,22 теңге

Төлем үшін комиссия – 100 теңге


Қаржыны есептеу

Қазына есебінен ақша аудару банкте 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қате есептелген қаржыны қайтару тәртібі ҚР Салық кодексінің 102-108-бабына сәйкес анықталады.


Қосымша

Чектерді тексеру сервисі арқылы онлайн төлем портал, банк терминалы немесе «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы жүргізілгеніне көз жеткізуге болады.

Онлайн төлеу

  1. "Онлайн төлеу" батырмасы арқылы өтіңіз.
  2. "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалын таңдау.
  3. Ұсынылған төлем тәсілдерінің бірін таңдау (төменде қараңыз).
  4. Төлем картасының/жеке шоттың мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).
  5. Жеке кабинетте («Төлемдерді төлеу тарихы» тарауында) төлем туралы чекпен танысу және талап етілген жерге ұсыну.

Онлайн төлем тәсілдері

Сізге қолайлылығына қарай төлемді ұсынылған нұсқалардың бірімен жүзеге асыра аласыз.

  1. Барлық банктердің VISA, VISA Electron, MasterCard, Maestro төлем карталарының көмегімен төлеу, Altyn тек  «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ клиенттері үшін.
  2. Бір шертумен төлеу. VISA, VISA Electron, MasterCard, Maestro карта деректерін қайта енгізусіз тез төлеу.
  3. "Еуразия Банкі" АҚ Интернет-банкингінде және ЕКҚК (есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету), "Казпочта" АҚ ЕАКҚК-де және «PayPoint» электрондық ақша жүйесінде шот өтінімін төлеу.

Интернет-транзакцияларын жүргізу қауіпсіздігі мақсатында кейбір банктер төлем карталарына лимиттер немесе қосымша кодтар белгілейді. Егер онлайн төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса Банктегі менеджеріңізге жүгіне аласыз. 1 күн ішінде 3 транзакциядан артық жасауға болмайды.

 

* Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 36-б. 1-т. сәйкес салық міндеттемелерін орындауды салық төлеуші дербес орындайды, сол себепті салық және өзге де төлемдерді бюджетке төлеуде аталмыш картаның салық төлеушінің атына ресімделгеніне көз жеткізу қажет.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүліктің жойылуына (зақымдалуына) байланысты және құқықтың өтуіне байланысты емес өзге жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқықтардың тоқтатылуын тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чек