Дербес несие есебін алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Бір күнтізбелік жыл ішінде қайта алған кезде-400 теңге

Қызмет көрсету мерзімі

15 минут

Дербес несие есебін қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қазіргі кезде несиеге тауарлар немесе қызметтерді іске асыратын банкілер/ұйымдар ең алдымен Сіздің несие алуға арналған өтініміңізді мақұлдамай тұрып, несиелік есеп алу үшін несиелік бюроға жүгінеді. Несиелік есеп — бұл заңды немесе жеке тұлғаның аяқталған және қолданыстағы міндеттемелері туралы ақпараты бар, сондай‑ақ онымен өз міндеттерінің орындалуын көрсететін құжаты.

Несие есебін сіз өзіңізге ғана ала аласыз, сондай-ақ бұрын алынған есептермен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Дербес несиелік есебін ұсыну немесе «Алғашқы несиелік бюросы» ЖШС несиелік тарихтары деректер базасында ақпараттың болмауы туралы нәтижесін ұсыну.