Электрондық өтініштер

Жабу Көрсету Қызмет паспорты

Сервистің атауы

Электрондық өтініш


Алу тәртібі

1. Порталда авторландыру қажет.

2. Міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) ЭЦҚ талап етіледі.

3. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 3-бабы 4-бөлігінің 1-тармағында белгіленген тәртіпке байланысты өтініштерді беру өтініштердің көрсетілген санаттарының бірін таңдаумен қолдап отырылатын:

«Мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне өтініштер», «Қылмыстық істер бойынша өтініштер», «Азаматтық істер бойынша өтініштер», «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өтініштер».

Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету мерзімі

«Мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне өтініш білдіру» санаты үшін:

- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтінішті, хабарды, ұсынысты, үн қатуды, сұрау салуды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

- Көрсетілген мерзім дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты қисынды мерзімге, бірақ 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

- Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 91-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.

«Қылмыстық істер бойынша өтініштер» санаты үшін:

- Кодекстің 105-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын берілген адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар оларды алған кезден бастап 7 тәулік ішінде міндетті түрде қаралуға жатады.

- Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымынан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заң бұзушылықтарға шағымдар оларды алған кезден бастап 3 тәулік ішінде қаралуға тиіс.

- Іс Кодекстің 486-бабының 3 және 4-бөліктерінің тәртібімен соттан талап етілген жағдайда, наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап 30 тәулік ішінде кассациялық тәртіппен қарауға тиіс.

«Азаматтық істер бойынша өтініштер» санаты үшін:

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама келіп түскен күнінен бастап 10 тәулік ішінде қаралуға жатады (Кодекстің 826-3-бабының 1-бөлігі).

- Іс Кодекстің 486-бабының тәртібімен соттан талап етілген жағдайда, наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өтініштер» санаты үшін:

- Кассациялық наразылық келтіру туралы өтініш келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде, ал іс талап етілген кезде – іс Бас прокуратураға келіп түскен күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде қаралады.

Сағат 18:30 кейін уәкілетті органға түскен өтініштер, жұмыс күнінің аяқталуына байланыстты, келеси жұмыс күні  сағат 9:00 -ден бастап тіркеледі.

Мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне өтініштер

Қылмыстық істер бойынша өтініштер

Азаматтық істер бойынша өтініштер

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өтініштер