Cот хаттамасын электрондық түрде беру туралы өтініш беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба). 
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  4. Шешімді алу үшін мемлекеттік органға жүгіну.

Сот хаттамасын беру туралы электрондық өтінішті сот мәжілісі аяқталғаннан кейін 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей беру қажет.

Жекелеген процессуалдық әрекет туралы хаттаманы беру туралы электрондық өтінішті - әрекет жасалған келесі күннен кешіктірмей беру қажет.

Сот мәжілісінің күрделі істері бойынша хаттама беру туралы электрондық өтінішті сот мәжілісі аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей беру қажет.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Сот хаттамасы электрондық түрде берілген pdf-форматындағы құжатты алу немесе одан бас тарту туралы дәйекті жауап.