Естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
Жұмыспен қамту орталығы
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні.

Проактивті ызмет көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап 10 жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады

Қызметтің толық атауы
Естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу

Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  немесе мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

  1. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Мүгедектен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда, нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектен сенімхат.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, мүгедектігі туралы, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған ОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы мәліметтерді қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мүгедектерге ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне смс-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.