ХҚКО-на электронды кезекті брондау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Назар аударыңыз!  ХҚКО-да электрондық қызметтерді алу жеңілдік санатына жататын тұлғаларға (зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар) ұсынылады.

Құрметті пайдаланушылар!  ХҚКО бару үшін Сізге келесіні орындау қажет:

- Брондалған уақыттың басталуына 15 минут қалғанда келу;

- Өзіңізбен бірге қолданыстағы жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс (Қазақстан Республикасында берілген суретімен жеке куәлік құжаты);

- Медициналық тексеруден өту үшін бөлімге брондалған уақыт басталғанға дейін 30 минут бұрын келу қажет.

 

Кезекті онлайн брондау

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
  2. ХҚКО таңдау.
  3. Сапар мақсатын таңдау:

«Жеңілдігі бар терезе» таңдау кезінде сіздің жеңілдік санатыңыз тексеріледі, сіздің деректеріңіз расталған жағдайда, сіз электрондық және қағаз қызметтерін алу мумкіндігі бар;

«Реттеу залы» таңдау кезінде Сіз тізімге сәйкес 1 қызметті алу мумкіндігі бар :​

«Құжаттандыру» таңдау кезінде Сіз тізімге сәйкес 1 қызметті алу мумкіндігі бар:

«Көтерме терезе» таңдау кезінде сіз тізімге сәйкес 3-тен астам қызметті алу мумкіндігі бар:

  1. Сапар күні мен уақытын таңдау.

Алдын ала брондау тәулігіне бір рет рұқсат етіледі.

Брондау бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың ХҚКО жұмыс істейді.

Электрондық кезекті брондау қызметі жұмысының нәтижесімен «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетінде таныса аласыз.

Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірін тіркелген жағдайда Сізге ХҚКО-ға кезекті сәтті броньдау туралы СМС-хабарлама келіп түседі.

Автокөлікті қайта тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға кезекті брондау кезінде сатушының ЖСН көрсету қажет.