Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қойыңыз:
  • егер некеде тұрса ерінің (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде есеп жағдайы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтамалар;
  • егер баланың (балалардың) патронат тәрбиешiсі болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) келiсiмi;
  • 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;
  • көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттары (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
  • патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдірген адамның білімі туралы мәліметтер.
  • баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
  1. Жеке кабинетте «Қызметті көрсету нәтижелерімен» танысу.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама және патронат тәрбиешілерге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешім не осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.