Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Қызмет құны

Қазақстан Республикасының азаматтары бала асырап алған кезде мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Шетел азаматтарына - 2 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Бала асырап алуды тіркеу – 1 жұмыс күні.

Азаматтық хал актілер жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 7 жұмыс күн ішінде.

Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

Қызметтің толық атауы
Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қызметті Мемлекеттік орган алу жолы (қажетті құжаттар):

Бала асырап алуды тіркеу үшін:

  1. Өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжаты.
  3. Бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесін.
  4. Баланың туу туралы куәлікті.
  5. Асырап алушылардың неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі.
  6. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхаты.
  7. Бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (шетелдіктер үшін).
  8. Шетелдіктің тұруға ықтиярхаты.
  9. Шетелдіктер жеке бастарын куәландыратын құжатпен бірге оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі мәтінінің нотариатта куәландырған аудармасын ұсынады.

Бала асырап алу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Туу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – тууды тіркеу туралы анықтама.
  3. Бала асырап алу туралы куәлік (куәлік жоғалған жағдайда өтініште көрсету).
  4. Бала (қыз) асырап алуды жою немесе жарамсыз деп тану туралы соттың шешімін.
  5. Өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу қажеттігін растайтын құжаттарды.
  6. Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырған сенімхатты ұсынады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы  қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.