Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арұылы жүгінген кезде - 1 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті тұратын жері өзгерген кезде немесе тіркелген медициналық ұйымды өзгерткісі келген кезде пайдалануға болады (жылына бір рет ауыстыруға болады).

Егер қызмет көрсетудің регламенттік мерзімі асып етсе, тіркелуге сұраныс жіберілген медициналық ұйымға жүгініңіз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат.
  2. Зейнеткерлер - зейнеақы куәлігі.
  3. Мүгедектер – зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді.
  4. Бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер), сот шешімі немесе қамқоршылық, қорғаншылық растайтын өзге де құжат.
  5. Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша) – өңірлердің "Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен құрылған "БХТ" АЖ-ға тұрғындарды МСАК-ға бекітуді (бекітуді) тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы.
  6. Мерзімді қызмет әскери қызметшілері – мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жеке құрам тізіміне қабылдау туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан үзінді көшірме.
  7. Студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай-ақ медреседе оқитын студенттер (18 жасқа дейінгі балалар) - жоғары оқу орны ректорының МСАК-дегі ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы.
  8. Шет мемлекеттерде туған балалар – шет мемлекетте туғанын растайтын құжат.
  9. Сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалары - қамқорлыққа алынған тұлғалар - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі
  10. Бекітуді сенімхат бойынша, оның ішінде шарт болған кезде ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша ресімдейтіндер.

Пациент мемлекеттік қызметті порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік пароль беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен электрондық нысанда алу мүмкіндігіне ие.

Пациенттің ЭЦҚ болған жағдайда ЭҮП арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында бекіту туралы хабарлама;
2) дәлелдібас тарту.