Жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Жеке тұлғалардан – АЕК  1 мөлшерлемесі

Заңды тұлғалардан – 5 АЕК құрайды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), ҚҚС-ғын есепке алмай, Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлікті беру үшін – 30,5 теңге.

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК.
Қызмет көрсету мерзімі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - 2 жұмыс күнi ішінде.

АЖ жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгені немесе төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап - 1 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлгiн тiркеу
Қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу"

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу"

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі  "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру"

Бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілі

Сіз құжатты тексере аласыз 

Оқыту роликтерін қарау

Көрсетілетін қызметті онлайн қалай алуға болады  

Жылжымалы мүлік  кепілін тіркеу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру:
  • тіркелетін кепіл түрін таңдау: Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік  кепілін тіркеу / Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме;
  • тіркеу түрін көрсету: Кепілді тіркеу / Өзгерістерді енгізуді тіркеу/ Құқықтардан (талаптардан) шегінуді тіркеу;
  • кепіл берушінің/кепіл ұстаушының ЖСН/БСН көрсету;
  • тіркеуші орган туралы мәліметтерді толтыру;
  • кепіл шарты туралы мәліметтерді толтыру;
  • мүлік туралы мәліметтерді толтыру;
  1. Басқа кепіл берушілердің келісімін алу.
  2. Қызметті көрсету үшін мемлекеттік бажды төлеу.
  3. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Автокөлік кепілі

Жылжымалы құрам кепілі

Бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілі

Ауыл шаруашылық техникасының кепілі

Төлем туралы толығырақ

 

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

  • заңды тұлға үшін оның өкілеттігін растайтын құжат бойынша;
  • жеке тұлға үшін нотариат куәландырған сенімхат бойынша.
  1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтініш.
  2. Құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы өтініш (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тіркеу туралы өтініш.
  3. Бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын құжат, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік үшін төленгенін растайтын құжат.

Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште:

Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын, жылжымалы мүлiк кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

Берілетін куәліктерге қатысты жоғалғанның орнына жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң төлнұсқасы.

2. Портал арқылы электрондық форматта:

Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы куәлік немесе негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.