Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Тіркеу - 1 жұмыс күні;

Жеке нотариустың орналасқан жері туралы ақпаратты өзгерту - 1 жұмыс күні;

Тіркеуден шығу - 3 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
  4. Куәлікті алу үшін мемлекеттік органға жүгіну.

Қазақстан Республикасы 2016 жылы 29 наурыздағы «Рұқсат беру процедураларын жеңілдету әрі рұқсат құжаттарын қысқарту сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшаларды еңгізу туралы» Заңына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұру қызметі "электрондық лицензиялау" порталында орындалады.

Қызметті мемлекеттік органда (келу тәртібімен немесе пошта арқылы) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

Орналасқан орны бойынша тіркеу есебінен шығару үшін жеке практикамен айналысатын адам қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда бір мезгілде:

  1. Салықтық өтініш.
  2. Тарату салық есептілігін табыс етеді.

Мемлекеттік корпорацияда қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электронды» жол тәртібімен жүзеге асырылады

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою;

2) жеке практикамен айналысатын адамның тіркеу деректерін өзгерту;

3) жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару және www.kgd. gov.kz көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару туралы ақпаратты орналастыру – жеке практикамен айналысатын адамды есептен шығару кезінде;

4) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.