Жылжымалы құрам кепiлiн мемлекеттік тiркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Жеке кәсіпкер үшін – 1 АЕК

Заңды тұлға үшін – 5 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ - 2 жұмыс күн

ЕДБ - 1 жұмыс күн

Қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді

Қызметтің толық атауы
Жылжымалы құрам кепiлiн мемлекеттік тiркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолж

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті алу (қажетті құжаттар):

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүгінген кезде

  1. Өтініш.
  2. Өтініш беруші өкілін растайтын құжат.
  3. Тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
  4. Кепілдік туралы шарт немесе кепілдік талаптары қамтылған шарт.

ЕДБ жүгінген кезде

  1. Өтініш.
  2. Тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымалы құрам кепілін тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.