Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Бірінші рет жүгінген кезде - 39 жұмыс күні

Мемлекеттік қызметке қайта жүгінген кезде, оның ішінде Сараптау комиссиясының отырысында ескеруді ескере отырып - 64 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.