Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

) тіркеу куәлігін беру кезінде – 5  жұмыс күні ішінде;
2) тіркеу куәлігін қайта ресімдеу кезінде – 5  жұмыс күні ішінде;
3) тіркеу куәлігінің телнұсқасын беру кезінде – 2  жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша жүріңіз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Авторлану немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркелу.
  3. "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басқаннан кейін ашылған "Электрондық лицензиялау" порталының парағында "Өтініш беру" сілтемесі бойынша өту.
  4. Өтінішті толтырыңыз және өз ЭЦҚ қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады:

Тіркеу куәлігін алу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде).

Тіркеу куәлігінің телнұсқасын алу үшін:

  1. Еркін нысандағы өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде).

Ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеуді жүргізу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде).
  3. Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларында көзделген тиісті құрылымға сәйкес келетін ветеринариялық препаратқа арналған нормативтік-техникалық құжаттама.
  4. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған, таралуы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғуы мүмкін жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеуден өткізудің орындылығы туралы ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсынымдары.
  5. Ветеринариялық препараттарды қолданудың ұқсас саласы бойынша басқа мемлекеттерде олардың мемлекеттік тіркелгені туралы құжат (сол жануарларға және жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларына қарсы).

Тіркеу куәлігін қайта ресімдеу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақталатын құжаттарды қоспағанда, тіркеу куәлігін қайта тіркеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
  3. Ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (шетелдік өндірушілер үшін).
  4. Ветеринариялық препаратқа, азықтық қоспаға бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасы (бар болса).

Басқа тілдерде жасалған құжаттар мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылып және тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу үшін бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығына нотариустың не аударманың дұрыстығын куәландыру жөніндегі іс-әрекеттерді жасауға құқығы бар басқа лауазымды адамның куәландырылған қолымен ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Тіркеу куәлігі, тіркеу куәлігінің телнұсқасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.