Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті - шетелдік мемлекеттік органдар үшін
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Экспорттық бақылауға жататын өнiмнің транзитіне рұқсат беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтiнiш. Осы өтініш сондай-ақ электрондық түрде word немесе excel форматында ұсынылады.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Шетелдік заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелуіне (қайта тіркелуін) растайтын құжат.
  4. Шетелдік жеке тұлға үшін ‒ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат.
  5. Өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген құжат.
  6. Сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарт.
  7. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының занңамасы) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.
  8. Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жағдайда, тасымалдаудың нақты жағдайларына тексеру жүргізуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптауға және атқарушы органдардың басқа да қажетті іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру және/немесе жүкті экспорт мемлекетіне қайтару қажеттілігіне байланысты (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып).
  9. Егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хаты
  10. Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер.

Осы тармақтын 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген түп нұсқалар немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерде ұсынылады.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

Қызметті мемлекеттік органнан алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтiнiш.
  2. Өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  3. сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  4. Егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хаты).
  5. Нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер
  6. Әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қаруы мен оқ-дәрілері туралы деректерді (маркасы (типі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарудың әрбір әкелінетін бірлігіне әскери қарауыл әскери (қосарлы) мақсаттағы өнімнің транзитімен ілесіп жүру кезінде әскери қарауыл туралы ақпарат. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімі және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (нұсқама, наряд, қорытынды) ұсынылады.

Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген келісім-шарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, елдің заңнамасында көзделмеген құжаттың болмауы түсіндірме-хат ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Өнімнің транзитіне рұқсат беру не көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық қужат нысанда мемлекеттік өызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.