ҚР аумағы бойынша ауыр салмақты ірі габаритті және көлік құралдарының (шетелдерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тарифке сәйкес

Қызмет көрсету мерзімі

тасымалдау маршрутын келісу қажет болған жағдайда - 2 жұмыс күні;

тасымалдау маршрутын келісу қажет болмаған жағдайларда - 1 жұмыс күні;

табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін көлік құралдарын тарту жағдайында - 1 жұмыс күні;

ауыр және (немесе) ірі габаритті көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне арнайы рұқсат беру немесе бас тарту туралы дәлелді жауап - 1 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
ҚР аумағы бойынша ауыр салмақты ірі габаритті және көлік құралдарының (шетелдерді қоса алғанда) жүріп өтуі үшін арнайы рұқсат беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Арнайы рұқсат немесе бас тарту туралы дәлелді жауап.