Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

мемлекеттік облигациялар шығару - 15 жұмыс күні

байланыстырылған бағдарламалар - 10 жұмыс күні

облигациялық бағдарлама және облигациялық бағдарламаның бірінші облигациялық шығарылымы - 10 жұмыс күні

уәкілетті орган белгілеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығару - 5 жұмыс күні

өтеу мерзімі 12 айдан аспайтын облигациялар шығару - 3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар шығарылымы проспектісінің 1 (бір) данасы;

 Облигациялық бағдарламаның шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шығарылымы проспектісінің 1 (бір) данасы;

  Облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісінің 1 (бір) данасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.