Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

 

Қызметті онлайн алу

  1. «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
  2. eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.

Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.