ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

ІІ және ІІІ санаттағы объектілер үшін - 10 жұмыс күннен аспайды

ІV санаттағы объектілер үшін - 5 жұмыс күннен аспайды

Рұқсатты қайта ресімдеу -  15 күнтізбелік күн ішінде

Қызметтің толық атауы
ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

 II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.