Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру
Тегін
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:
өтініш тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарау; 45 жұмыс күні ішінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың/ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартудың қорытындысын беру: оның ішінде дәлелді ескертулерді 25 жұмыс күні ішінде жіберу; көрсетілетін қызметті алушының дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде пысықталған материалдарды ұсынуы.
Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)
- Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
- Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
- Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
- Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Қызмет көрсету нәтижесі
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.