Заңды тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау құқығына рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 АЕК құрайды;
заңды тұлғалардың қызметтік қаруының әрбір бірлігін сатып алу кезінде тіркеу және қайта тіркеу үшін мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,1 АЕК құрайды құрайды.

Қызмет көрсету мерзімі

15  жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Заңды тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Заң тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат беру бойынша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.