Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі
МҒТС қорытындысы мен ҰҒК шешімі беру жалпы мерзімі – 101 жұмыс күні:
1 кезең – МҒТС сараптаманы жүргізу– 55 жұмыс күні;
2 кезең – сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау – 14 жұмыс күні;
3 кезең – МҒТС қорытындылары мен ҰҒК шешімдері– 32 жұмыс күні.
Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу

Қызметті порталда немесе мемлекеттік органнан is.ncste.kz ақпараттық жүйесі арқылы​ қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. 5 қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінімдер;
  2. конкурстық құжаттама қосымшаларына сәйкес құжаттар;
  3. ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы уәкілетті органның бұйрығынан үзінді немесе куәлігінің көшірмесі;
  4. этика және биоэтика мәселелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті комиссиялардың оң қорытындысы (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін);
  5. гранттық қаржытандыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы;
  6. іске асыру мерзімдері мен салым сомасы немесе қажетті ресурстар көрсетілген еркін нысандағы салым туралы келісім (қолданбалы зерттеулер бойынша грант алуға үміткер қатысушы үшін).

Қызмет көрсету нәтижесі

1 кезең – МҒТС (МҒТС балын көрсете отырып) қорытындылары - МҒТС шекті балынан төмен балл жинаған өтінімдер бойынша немесе себептемелі бас тарту, өтінімнің сұрау салынған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін сарпашыға жіберілгені туралы хабарлама;
2 кезең –ҰҒК жіберілгені туралы хабарлама;
3 кезең – МҒТС қорытындысы мен ҰҒК шешімі (МҒТС шекті балын және одан жоғары балл алған өтінімдер бойынша).