Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспортына және импортына лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия беру - 10 АЕК

Лицензияның телнұсқасын беру – 1 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензияны беру кезінде – 3 жұмыс күні
Лицензияның телнұсқасын беру кезінде – 2 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар тауарлардың экспортына және импортына лицензия беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
  3. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  4. Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  5. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Бар тауарлардың экспорт мен импортын лицензиясы, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.