Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия беру үшін - 20 АЕК
Лицензияны қайта ресімдеу үшін - 2 АЕК
 

Қызмет көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 10 жұмыс күн;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу – 3 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензия беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін  таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
  4. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  5. Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.