Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

1) Осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 АЕК құрайды
2) Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 жұмыс күні
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп алу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 жұмыс күні
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру.