Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия - 10 АЕК
Лицензияны қайта рәсімдеу - 1 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

Экспортқа лицензия - 1 жұмыс күні

Импортқа лицензия - 5 жұмыс күні

Жедел-іздестіру шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдардың немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарының экспортына (импортына) немесе лицензия беру кезінде – 10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

  1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін  таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.
  4. Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  5. Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.
  6. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы - «Менің хабарламаларым» тарауынан біле аласыз.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жекелеген тауарлар түрлерінің импорты және (немесе) экспортына арналған лицензия немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.