Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

лицензия алу - 9 АЕК

лицензияны қайта ресімдеу - 0,9 АЕК 

Қызмет көрсету мерзімі

лицензия – 15 жұмыс күні

лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге лицензия беру немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.