Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

0,5 % АЕҚ

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыруды ресімдеу үшін:

  1. жеке басты куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);
  2. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
  3. мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

Заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:

  1. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
  2. мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
  3. өкілдің өкілеттігін растайтын құжат;

Сұрау салған визаның санатына байланысты қосымша ұсынылады:

  1. инвесторлар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының немесе АХҚО Әкімшілігінің қолдаухаты;
  2. іскерлік сапар мақсатында көп мәртелік визаны ресімдеу үшін – (этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарын қоспағанда) шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі;
  3. діни іс-шараларға қатысу немесе миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін – діни қызмет саласында реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының жазбаша келісімі;
  4. Қазақстан Республикасының аумағында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару үшін – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жазбаша келісімі;
  5. Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін – Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі;
  6. еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін - жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат не өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама не Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтінін растайтын құжаттар;
  7. оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының немесе "Астана Хаб"-тың "Астана Хаб" бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін қолдаухаты;
  8. гуманитарлық уәждер бойынша – қолдаушы халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткенін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған гуманитарлық көмек көрсету туралы халықаралық шарты болған кезде осы елдің заңнамасына сәйкес оның болу еліндегі шетелдік үкіметтік емес ұйымда (қорда) ресми тіркелгенін растайтын құжат;
  9. білім алу үшін – Қазақстан Республикасының оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты;
  10. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жақын туыстарын не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және медициналық мекемелерде емделіп жатқан виза алушыларды күтіп-бағу үшін – Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген және тұрақты күтіп-бағу қажеттілігін, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының визаларын беру туралы шақыруды мақұлдау үшін өтініш берушілер үшін мемлекеттік бажды төлеуден босатылады:

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Қолдаухаттың бірінші данасына уәкілетті қызметкердің қолымен куәландырылған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен бекітілген келісу нөмірін қою арқылы Қазақстан Республикасына келуіне шақыруын ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.