Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

43 жұмыс күндері 

Қызметтің толық атауы
Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесін бекіту

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметті алу (қажетті құжаттар):

  1. Сәйкестендіру үшін жеке куәлік.
  2. Еркін түрде жазылған өтініш.
  3. Конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды (нотариалды түрде куәландырылған көшірмелерді):

толығырақ қараңыз

  1. Конкурсқа қатысушының инвестициялардың қысқаша негіздемесі бар су объектісін пайдалануға қатысты ниетін.
  2. Мыналарға:
  • жергілікті өкілдік органдар белгілеген талаптармен жалпы су пайдалану құқықтарын сақтау жөніндегі;
  • суды қорғау іс-шараларын жүзеге асыру жөніндегі;
  • оқшауланған немесе бірлесіп су пайдалануға берілетін су объектілерінде жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық және өзге де қызметтің белгіленген режимін сақтау жөніндегі міндеттемелерді ұсынады.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының электрондық кезекке тіркелген жері бойынша көрсетіледі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Облыстың жергілікті атқарушы органының су объектісін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары мен конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы қағаз түріндегі шарт немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауап