Арнайы су пайдалануға рұқсаттама

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

Рұқсатты беру – 10 жұмыс күні
Қайта рәсімдеу – 3 жұмыс күні
Рұқсат мерзімін ұзарту – 3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Арнайы су пайдалануға рұқсат

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Бұйрықпен бекітілген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу, рұқсатты ұзарту, рұқсаттың телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.