Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

30 күнтізбе күн ішінде

Қызметтің толық атауы
Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Тасымалдайтын желілердегі, суды тұтыну нүктелеріндегі, судың шығынын, ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемдерін қысқарту мүмкіндігін жыл сайын талдау жөніндегі деректердің электрондық көшірмесі;
  3. Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары есептерінің электрондық көшірмесі;
  4. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 23456 және 7-қосымшаларға сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу туралы хат не бас тарту туралы дәлелді жауап